2026 жылғы 14 қаңтарда Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің Педагогикалық шеберлік мектебі аясында «Білім берудегі инклюзия: педагог көзқарасы» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.
Іс-шараның мақсаты қазіргі білім беру жағдайындағы инклюзивті білім берудің негізгі аспектілерін қарастыру, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды оқыту мен қолдау үдерісіндегі педагогтің рөлі мен кәсіби ұстанымын айқындау болды. Семинар барысында инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған теориялық тәсілдер мен практикалық-бағдарланған әдістер ұсынылды, олар білім алушылардың барлығына тең білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге және олардың табысты әлеуметтенуіне жағдай жасауға негізделді.
Семинарға қатысушылар кәсіби қызығушылықтың жоғары деңгейін көрсетті: талқылауларға белсенді қатысып, өзекті сұрақтар қойды, педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті және инклюзивті құзыреттіліктерді дамытуға бағытталған практикалық тапсырмаларды орындады. Іс-шара тәжірибе алмасуға және педагогикалық шеберлікті арттыруға ықпал ететін нәтижелі, сындарлы әрі кәсіби бағытталған атмосферада өтті.
Семинар-практикумды университеттің психологтары Тамабаева Ж.Е. және Абдина Ж.А. жүргізді.

ИРН AP26102391 «Университеттер, мемлекет және бизнес арасындағы тиімді өзара іс-қимыл модельдері: Қазақстанның цифрлық экономикасындағы технологиялар трансферінің тетіктері» жобасын іске асыру аясында 2025 жылғы 07–12 желтоқсан аралығында шетелдік тәжірибені зерделеуге және ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру мәселелерін зерттеуге бағытталған ғылыми іссапар ұйымдастырылды. Іссапарға зерттеу тобының мүшелері — Алпысбаева М.Б. және Сатымбекова С.Б. қатысты.
Іссапар барысында зерттеу тақырыбы бойынша эмпирикалық деректер жинау мақсатында сауалнама, анкеталау және сараптамалық сұхбаттар жүргізілді. Университеттер, мемлекеттік органдар және бизнес-құрылымдар арасындағы ғылыми әзірлемелерді нақты экономика секторына енгізу саласындағы өзара іс-қимыл модельдерін талдауға ерекше назар аударылды.
Үлкен қуаныш пен мақтанышпен заң ғылымдарының магистрі, ПРЭО кафедрасының аға оқытушысы Аманбаева Арайлымның беделді «Тәуелсіздік ұрпақтары 2025» жобасының грант иегері атанғанын хабарлаймыз.
Бұл жеңіс Аманбаева Арайлымның жоғары кәсіби біліктілігін, айрықша ғылыми әлеуетін, мақсаткерлігін және белсенді азаматтық ұстанымын айқын дәлелдеп қана қоймай, ұсынылған жобаның өзектілігі мен жоғары әлеуметтік маңыздылығының мойындалуы болып табылады.
Гранттық жобаның тақырыбы: «Қарағанды облысының жастарының киберкеңістіктегі құқықтық сауаттылығын талдау және әлемдік тәжірибеге негізделген оқу пәнін әзірлеу».

11 желтоқсан күні университетте мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын студенттер үшін «Маманның міндетті өтеуі» тақырыбында «Қаржылық орталық» АҚ өкілі Сериккали Ақзира Серикқалиқызымен кездесу өтті.
Кездесу барысында спикер № 403 бұйрығына енгізілген маңызды өзгерістерді түсіндірді, атап айтқанда:
- Магистратураға және/немесе докторантураға түсуіне байланысты өтеуден босату;
- Әскери қызметке шақыру жағдайында өтеуді кейінге қалдыру немесе босату;
- Университеттен шығарылған жағдайда, сол немесе келесі оқу жылы ішінде қайта қалпына келу шартымен өтеу міндетін сақтап қалу.
- Жиында студенттер тарапынан көптеген өзекті сұрақтар қойылды. Атап айтқанда:
2025 жылғы 4 желтоқсанда Казтұтынуодағы Қарағанды университетінде «Цифрлық трансформация жағдайында ғылым мен жоғары білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру және заңдылықты сақтау» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияға құрметті қонақтар ретінде Қарағанды облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті басшылығы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Сәрсен Жандос Шералыұлы, Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының прокуроры Қасым Арман Мыңтықбайұлы қатысты.
Іс-шара БҰҰ бекіткен 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні және 6 желтоқсан — Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының кәсіби мерекесі қарсаңында ұйымдастырылды.

«Жұмысты бірге таңдаймыз!» — дәл осындай ұранмен Казтұтынуодағы Қарағанды университетінде 2025 жылғы 3 желтоқсанда өткен Мансап фестивалі ұйымдастырылды. Студенттер мен түлектер әлеуетті жұмыс берушілермен тікелей кездесіп, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өңірдің жетекші компаниялары мен мемлекеттік құрылымдарындағы нақты бос жұмыс орындары және мансаптық мүмкіндіктер туралы білуге бірегей мүмкіндік алды.
Фестивальдің ашылуында университет ректоры Аймағамбетов Ерқара Балқараұлы қатысушыларға құттықтау сөзін жолдады. Жұмыс берушілер мен студенттер арасындағы тұрақты диалогтың маңызын атап өткен ректор, сапалы білім берудің нақты экономикалық секторлармен және мемлекеттік құрылымдармен тығыз ықпалдастықсыз мүмкін еместігін ерекше айтты. Дәл осы ЖОО–жұмыс беруші–студент коммуникациясы тараптардың бір-бірінің қажеттіліктерін жақсырақ түсінуіне, өзара тоғысатын нүктелерді анықтауына және ортақ бағыттарды қалыптастыруына мүмкіндік береді.

29 қараша күні Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті базасында 11-сынып оқушылары арасында Қазақстан тарихы пәнінен облыстық олимпиада өтті. Іс-шара «Сарыарқа дарыны» орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды. Олимпиадаға 100-ден астам оқушы қатысып, Қарағанды, Приозерск, Балқаш, Саран, Теміртау қалаларынан және Қарқаралы ауданынан келген жас тарихшылар бақ сынады. Байқау эссе жазу, онлайн тестілеу және зияткерлік кезеңдерден тұрды.

2025 жылдың 29 қарашасында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде «Психология, педагогика және әлеуметтік жұмыс: өзара әрекет теориясы мен практикасы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өтті.
Конференция жұмысына Ресей Федерациясынан және Қазақстанның барлық өңірлерінен зерттеушілер мен тәжірибешілер қатысты.

2025 жылғы 27 қарашада Қарағанды университетінде оқытушы-профессорлар құрамына арналған психологиялық тренинг өтті.
Тренингтің мақсаты – психикалық өзін-өзі реттеудің практикалық дағдыларын дамыту, стресске төзімділікті арттыру және педагогикалық қызметкерлердің психофизиологиялық әл-ауқатын нығайту. Жұмыс барысында эмоционалдық күйіп қалудың алдын алудың және кәсіби тұрақтылықты сақтаудың заманауи тәсілдері қаралды.
Қатысушылар стрессті басқарудың ғылыми негізделген әдістемелерімен, өзін-өзі реттеу әдістерімен, сондай-ақ ұжымдағы қарым-қатынастың тиімділігін арттыруға бағытталған практикалық құралдармен танысты. Ұсынылған әдістер кәсіби қызметтің сапасын жақсартуға, ресурстық жағдайды қалыптастыруға және қолайлы академиялық ортаны құруға бағытталған.
Іс-шараны Адами ресурстарды басқару департаменті ұйымдастырып, университеттің психологы Ж.А. Абдина өткізді.
Университет кадрлық әлеуетті қолдауға және дамытуға, қызметкерлердің әл-ауқатын нығайтуға және жайлы еңбек жағдайларын қалыптастыруға бағытталған бағдарламаларды іске асыру бойынша жұмысты жалғастырады.

«Қазақстан: цифрлық тізілімдерден интеллектуалды шешімдерге – мемлекеттік басқаруды трансформациялау стратегиясы» атты халықаралық қатысумен өткен өңірлік форум 2025 жылғы 26 қарашада Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде өтті.
Форум мемлекеттік органдар, жоғары оқу орындары, ІТ индустриясы, үкіметтік емес ұйымдар және ғылыми қауымдастық өкілдерін біріктірген маңызды алаңға айналды.