Хабарландыру

Ғылыми зерттеулерді және мониторингті дамыту орталығы 7М06102 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша магистратура бағдарламасына Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бос білім беру грантын тағайындауға конкурс жариялайды, ЖОО-ға түсу жылы 2025, оқу тілі – орыс тілінде.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бос білім беру грантына түсуге үміткер магистранттар Орталыққа 2025 жылдың 22 шілдесіне дейін келесі құжаттарды тапсыруы қажет:
1) конкурсқа қатысуға өтінім (2025 жылдың 18 шілдесіне дейін);
2) жеке куәліктің көшірмесі,
3) транскрипт,
4) куратордың ұсыныс хаты,
5) орталық директорының ұсыныс хаты.
Ғылыми зерттеулер мен мониторингті дамыту орталығы.

Хабарландыру

Бизнес, құқық және технология факультеті жоғары білімнің B076 «Стандарттау, сертификаттау және метрология» білім беру бағдарламалары тобы бойынша ҚР Ғылым, жоғары білім және инновациялар министрлігінің (ҒЖБМ) бос білім беру грантын тағайындауға арналған байқау жариялайды.

Оқуға түскен жыл: 2023
Оқыту тілі: қазақ, орыс

ҚР ҒЖБМ бос білім беру грантына үміткер студенттер 2025 жылғы 25 шілдеге дейін деканатқа келесі құжаттарды тапсыруы қажет:

  1. Байқауға қатысуға өтініш (2025 жылғы 25 шілдеге дейін)
  2. Жеке куәліктің көшірмесі
  3. Академиялық анықтама (транскрипт)
  4. Топ кураторынан мінездеме
  5. Деканның ұсыным хаты

Құжаттар бизнес, құқық және технология факультетінің деканатына тапсырылады.

Бизнес, құқық және технология факультетінің деканаты

Хабарландыру

Бизнес, құқық және технология факультеті жоғары білімнің B068 «Тамақ өнімдерін өндіру» білім беру бағдарламалары тобы бойынша ҚР Ғылым, жоғары білім және инновациялар министрлігінің (ҒЖБМ) бос білім беру грантын тағайындауға арналған байқау жариялайды.

Оқуға түскен жылдар: 2022, 2023, 2024
Оқыту тілі: қазақ, орыс

ҚР ҒЖБМ бос білім беру грантына үміткер студенттер 2025 жылғы 25 шілдеге дейін деканатқа келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:

  1. Байқауға қатысуға өтініш (2025 жылғы 25 шілдеге дейін)
  2. Жеке куәліктің көшірмесі
  3. Академиялық анықтама (транскрипт)
  4. Топ кураторынан мінездеме
  5. Деканның ұсыным хаты

Құжаттар бизнес, құқық және технология факультетінің деканатына тапсырылады.

Бизнес, құқық және технология факультетінің деканаты

Хабарландыру

2025 жылғы "Әлемдік экономика" білім беру бағдарламасы бойынша СҒЗЖ республикалық конкурсының қорытындысы

Құрамында 5 адамнан тұратын "Әлемдік экономика" БББ бойынша СҒЗЖ конкурстық комиссиясы Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті ректорының 2025 жылғы 28 сәуірдегі №164-п бұйрығымен бекітілген.

"Әлемдік экономика" БББ бойынша 2025 жылғы СҒЗЖ байқауына 6 ЖОО-дан 7 жұмыс түсті.

Хабарландыру

Хабарландыру

🎓 Жаңа кәсіби шыңдарға қадам жасағыңыз келе ме?
Қазтұтынуодағының Қарағанды университеті бейресми білім беру бағдарламалары шеңберінде жаппай ашық онлайн-курстардан өтуге шақырады!
🌐: Толық ақпарат https://mooc.keu.kz/
Бізбен бірге кәсіпқойлардың жаңа буынының бір бөлігі болыңыз!

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL