2022 жылдың 6 қаңтарында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің «Жоғары математика» кафедрасы жалпы білім беретін оқу мекемелерінің 9-11 сынып оқушылары арасында облыстық Олимпиада өткізді. Олимпиада мақсаты - математикадан дарынды, талантты оқушыларды анықтау және олардың одан әрі зияткерлік дамуы; оқушылардың математиканы оқуға деген қызығушылығын арттыру, теориялық білім мен дағдыларды тереңдету.
Келесі жалпы орта білім беру мектептерінің оқушылары пәндік Олимпиаданың жеңімпаздары атанды:
9 сынып:
I орын – Мұқаш Гүлім Серікқызы, 101 мектеп-лицей
II орын – Орынбеков Адиль Адилбекович, Қарағанды қ. ММЛИ АТ
III орын – Рамазан Әділ Жадырабайұлы, Қарағанды қ. ММЛИ АТ
10 сынып:
I орын – Кенжегулова Ақбота Жасупанқызы, 101 мектеп-лицей
II орын – Дюсембаева Карина Тимуровна, КГУ «№97 гимназия»
III орын – Ошақбаева Аруна Алмасовна, 101 мектеп-лицей
11 сынып:
I орын – Мүрсәлім Бексұлтан Ержанұлы, 101 мектеп-лицей
II орын – Востриков Михаил Николаевич, КГУ «Шакарим атындағы гимназия»
III орын – Гончаров Никита Витальевич, КГУ «Шакарим атындағы гимназия»
11 сынып жеңімпаздарына 2022-2023 оқу жылында Қазтұтынуодығы Қарағанды университетіне түскен жағдайда жеңілдіктер сертификаттары тапсырылуда. Мектептердің қалған жеңімпаздары және олардың ұстаздары дипломмен және алғысхатпен марапатталады.
Жеңімпаздарды олимпиаданың сәтті өтуімен құттықтаймыз және оларға сәттілік тілейміз.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы төртінші жыл қатарынан білім беру бағдарламаларының рейтингін өткізіп келеді. Бағалау 19 критерий бойынша жүргізіледі, олардың ішінде ең маңыздылары: түлектердің мансаптық болашағы, олардың жұмысқа орналасуы және орташа жалақысы, білім беру бағдарламаларының сапасы, аккредиттеу, цифрландыру, мазмұнның өзектілігін бағалау және т. б.
2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің келесі 13 бағдарламасы саралау жүргізілген 17 бағдарламаның ішінен республика бойынша үздік ондыққа кіргенін қуана хабарлаймыз:

Алғашқы медициналық-санитариялық көмек биопсихоәлеуметтік үлгі базасында медициналық көмек көрсету жүйесінің негізі болып табылады және аурулар мен жай-күйлердің профилактикасы, диагностикасы, оларды емдеу, әлеуметтік-медициналық оңалту, сауаматты өмір салтын қалыптастыру және халықты санитариялық-гигиеналық ағарту жөніндегі іс-шараларды қамтиды. Қолжетімді және сапалы алғашқы медициналық-санитарлық көмекті қамтамасыз ету мамандардың, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесінің әлеуметтік қызметкерлері мен психологтарының кәсіпқойлығына байланысты.
Психология, педагогика және әлеуметтік жұмыс кафедрасы медициналық мекемелердегі ОҒӨК серіктестерімен тұрақты негізде өзара іс-қимыл жасайды. 2022 жылғы 2 ақпанда «Психология және білім берудегі менеджмент» және «Әеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламаларының студенттеріне «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейіндегі әлеуметтік-психологиялық жұмыс» тақырыбында «Гиппократ» МФ ЖШС директорының орынбасары В.А. Нестерованың «платина» дәрісі өткізілді. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың, жастардың репродуктивті денсаулығын нығайтудың, күйзелісті және күйзеліске төзімділікті басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері мен технологиялары талқыланды.
2022 жылдың 3 ақпанында Будапештте 2005 жылы 14-17 қыркүйекте өткен Сайлау ұйымдастырушылардың Бас конференциясының шеңберінде белгіленген Дүниежүзілік сайлау күні аталып өтілді.
Осы орайда 4 ақпан күні - Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің «Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу» кафедрасының оқытушы құрамымен Халықаралық сайлау күніне арналған 2 сағатқа созылған іс-шаралар өткізілді. Аға оқытушы Есенов Дастан Құдайбергенұлы және заң ғылымдарының кандидаты, доцент Сидорова Наталья Владимировна бастамаларымен «Әлемдегі және Қазақстандағы сайлаудың мәні мен тарихы туралы» мемлекеттік және орыс тілдерінде дәрістер өткізілді. Қатысушы аудиториясы «Экономика», «Дене шынықтыру және спорт менеджменті», «Кеден ісі», «Есеп және аудит», «Юриспруденция» мамандықтарының студенттерінің қатысумен ерекшеленді. Дәрістер сайлау құқығы бойынша құрастырылған интеллектуалдық ойындармен жалғасты.
Осы күнді өткізудің басты міндеттері – қоғам санасында демократияландыру процесінің қайтымсыздығын бекіту, сайлау процесіндегі жетістіктер туралы жұртшылықты хабардар ету және жас сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға бейілділікті қалыптастыру.
Бизнес, құқық және технология факультетінің белсенді студенттері «Нұр Отан» партиясы жанынан құрылған Жас депутаттар корпусы активінің арнайы кездесуіне шақырту алып, қатысып қайтты. Кездесу барысында өңірдегі жас депуттар мен қала белсенділерінің пікірлері тыңдалынып, алдағы уақытқа бірқатар жоспарлар құрылды. Жастарды толғандырған өзекті мәселелерді талқылап, еркін ой алмасу форматында өткізілген іс-шара өз кезегінде факультет белсенділері үшін үлкен мотивация әрі тәрбиелік маңызға ие болды. Жиналыс соңында «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалы Төрағасының 1 орынбасары Алтынбеков Бекзат Қомарұлы жастардан үлкен үміт күтетін айтып, алғысын білдірді.

31.01.2022 бастап 02.04.2022 дейін Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің жұмыс тобы магистратураның пәндік оқуларынан өтті, оның аясында магистратураның пәндері бойынша оқу үдерісін жүзеге асырудың әдістемесі мен әдістемесі қарастырылып, талқыланды.
Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті оқыту аясында серіктес университеттер арасындағы ынтымақтастық саласында жұмыс жүргізді. Тәжікстанның технологиялық университетімен және Тәжік мемлекеттік сауда университетімен ғылыми-білім беру консорциумы аясында бірлескен қызмет туралы екі келісімге қол қойылды. Тараптар жоғары білікті мамандарды даярлау жүйесін дамытуға және экономика мен менеджменттің өзекті мәселелері бойынша теориялық, әдістемелік және қолданбалы сипаттағы ғылыми жобаларды іске асыруға бағытталған бірлескен ғылыми, білім беру және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру үшін ғылыми-білім беру консорциумын ұйымдастыруға келісті.
Сондай-ақ «Халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейінің әлеуметтік детерминанттары: тенденциялар мен дамулар» атты бірлескен зерттеу тақырыбы ұсынылды. 2022 жылдың сәуір айында серіктес университеттермен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу жоспарлануда, қазіргі уақытта іс-шаралар бағдарламасы әзірленуде.
https://youtu.be/hHYgoxe0kCA
https://youtu.be/QVpQouXuzEU
2 ақпанда университеттің Жас ғалымдар мен мамандар кеңесі студенттер мен магистранттарға арналған «Ғылым мақаланы рәсімдеудің ережесі мен үлгісі» тақырыбында онлайн ғылыми семинар өткізді. Баяндамашылар – экономика ғылымдарының магистрлері, ОӘҚМ мүшелері Блялова А.Б., Дакарим Г.Қ.
Ғылыми семинардың мақсаты – студенттердің оқу жылына байланысты мақала, курстық жұмыс, дипломдық жұмыс немесе магистрлік диссертация дайындауға мүмкіндік беретін зерттеушілік дағдыларын дамыту.
Мұндай семинарлардың білім мен ғылымды дамыту үшін маңызы зор.
2022 жылдың 27 қаңтарында ZOOM PhD платформасында «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы, ҚарҰК БЖСМ мүшесі Тынгышева А.М. ғылыми-зерттеу жұмыстарының шығындарын жоспарлау (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғылыми жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсы аясында)» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Ғылыми семинар жұмысына ҚарҚУ оқытушылары қатысты. Семинар барысында ғылыми зерттеулерді бюджеттеу мысалдары қарастырылды.

31 қаңтарда Қарағанды спорт сарайының алдындағы алаңда Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт Басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылған 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына аттанған қарағандылық спортшыларды қолдау мақсатында флешмоб өтті.
Осы төрт жылдық жарысқа Қарағанды облысының екі өкілі-биатлоншы Владислав Киреев пен конькимен жүгіруші Екатерина Айдова қатысады. Киреев Владислав және Айдова Екатерина-біздің студенттер, біздің мақтанышымыз!
Флешмобқа университеттің 50 студенті қатысып, 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында оларға қолдау көрсетіп, жеңіс тіледі.
Біз сізді лайықты жеңістермен күтеміз, біз сізге сенеміз, сіз ең жақсысыз!
2022 жылдың 31 қаңтарында кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Приозерск қаласының №1-ші жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушыларымен онлайн кездесу өткізілді. Кездесуді «Менеджмент және инновациялар» кафедрасының меңгерушісі, PhD, доцент Салауатова Д.М., PhD, және доцент Орынбасарова Е.Д. ұйымдастырды және өткізді. Кездесуге 46 оқушы қатысты. Оларға университеттің негізгі бәсекелестік артықшылықтары, білім беру бағдарламалары, білім беру формалары туралы ақпарат берілді.
Кездесу барысында Жоғарға оқу орнын және мамандықты таңдау кезіндегі кездесетін мәселелер қарастырылды. Оқушылар біздің университетке деген қызығушылықтарын білдіріп, көптеген сұрақтар қойылды және көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап алынды.