Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде
«Орыс және шет тілдері» мен «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедралары 12 наурыз 2020 ж. Қарағанды қ. жалпы білім беретін оқу орындарының 11 сынып оқушылары арасында
«ТІЛ БІЛГІРЛЕРІ» зияткерлік ойынын өткізеді
Байланыс телефоны: 87011612091 Нуркеева Б.А.
2020 жылдың 29 ақпанында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде "Қазақстан және Ресей заңнамасы бойынша көліктің қауіпсіздігін қылмыстық-құқықтық қорғау" (Мәскеу, "ЮрЛитИнформ" баспасы, 2020) монографиясының тұсаукесері өтеді.
Презентацияны монография авторлары: з.ғ.д., проф. Бакишев К. А. (ҚҚЭУ, Қазақстан) және з.ғ.д., проф. Чучаев А. И. (О. Е. Кутафин атындағы ММЗУ, Ресей) өткізеді.
Тұсаукесерден кейін "Сот төрелігіне қарсы қылмыстар: теория және құқық қолдану мәселелері" тақырыбында дәріс өтеді. Дәрісті з.ғ.д., проф. Чучаев А. И. өткізеді.
Тұсаукесер сағат 10.00-де № 104 аудиторияда басталады.
Қарағанды қ. оқу орындарының кафедра оқытушылары, студенттері, магистранттары мен докторанттары шақырылады.

Брнодағы Мендель университетінде (Чехия) 2020 жылдың 23-27 наурыз аралығында 2020 Халықаралық апталығы
2020 жылы 23 наурыздан 27 наурызға дейін Брнодағы Мендель университетінде (Чехия) серіктес және серіктес емес университеттердің әріптестері арасында желілерді құру, білім беру және озық тәжірибелермен алмасу мақсатында көктемгі 2020 Халықаралық апталығы өтеді.
Бұл іс-шараға университеттің оқытушылары мен қызметкерлері қатыса алады.
Қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша ХБЖАҰО-на (268 каб.) хабарласыңыз.

Я. Кодолани атындағы қолданбалы ғылымдар унивесритетінде (Венгрия) 2020 жылдың 30 наурыз бен 03 сәуір аралығындағы
Х Халықаралық апталығы
2020 жылы 30 наурыз бен 03 сәуірге дейін Я.Кодолани атындағы қолданбалы ғылымдар университетінде (Венгрия) студенттер мен оқытушыларға мәдениаралық тәжірибе беру, сонымен қатар университеттер арасындағы серіктестікті нығайту мақсатында Х Халықаралық апталығы өткізіледі.
Бұл іс-шараға университеттің оқытушылары мен қызметкерлері және студенттері қатыса алады.
Қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша ХБЖАҰО-на (268 каб.) хабарласыңыз.
Магистранттарға арналған Carinthia University (Австрия) өтетін
академиялық ұтқырлық бағдарламасы
Құрметті магистранттар!
Қарағанды экономикалық университеті Қазтұтынуодағы Халықаралық ынтымақтастық аясында Академиялық ұтқырлық бойынша (1 немесе 2 семестр бойы) Австрияда, Carinthia University стипендиялық бағдарлама бойынша оқу конкурсына қатысуға шақырады!
Бағдарлама туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз: http://www.fh-kaernten.at/en/about-cuas/organisation/supporting-services/international-relations-office/incoming-exchange-students/.
ЕККУ академиясы жанындағы дипломнан кейінгі білім
Қарағанды Экономикалық Университеті Қазтұтынуодағы ЕККУ Академиясымен ынтымақтастық аясында (www.osce-academy.net) өңірдің жас мамандарына екі магистрлік бағдарлама бойынша жоғары сапалы оқытуды ұсынады: 2004 жылдан бастап әрекет ететін "Саясат және қауіпсіздік" және 2012 жылдан бастап әрекет ететін "Экономикалық басқару және даму". 2004 жылдан бастап Академия мемлекеттік қызметте, үкіметтік емес секторда, халықаралық ұйымдар мен т. б. ұйымдарда жұмыс істейтін жоғары кәсіби мамандар тобына табысты әсер еткен Қазақстанның 59 азаматын қоса алғанда, 474 студентті шығарды.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы актуалды
мәселелері жөнінде дәріс
22 қараша 2019 жыл 11.00-де 102 ауд. тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөнінде актуалды сұрақтар бойынша ТҚҚБҰ «Гарант» өкілінің қатысуымен дәріс өтеді.
Қызығушылық танытқан оқытушылар мен студенттерді шақырамыз!
ЭҚҚР кафедрасы

"Жалпы заң және арнайы пәндер" кафедрасының ұжымы аға оқытушы Рахимгулова Маншук Болатқызын 6D030100 – Құқықтану мамандығы бойынша PhD докторы ғылыми дәрежесін алуымен құттықтайды .Қол жеткізген жетістіктерімен тоқтамай, үнемі өзін-өзі жетілдіріп, кәсіби және жеке тұрғыда дамуды тілейміз.
БҚФ ұжымы
Құрылтай құжаттарға енгізілгенге өзгерістерге байланысты 2019 жылдың 01 қазанынан бастап «Мемлекеттік емес мекеме «Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті» (қысқаша – ММ «Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті») «Жеке меншік мекемесі «Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті» (қысқаша – ЖММ «Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті») болып өзгертілді.
Қайта тіркеу күніне дейін жасалған барлық келісім-шарттар шарттар толық орындалғанға дейін жарамды.
Құжаттарды біздің мекен-жайға жіберу кезінде университет атауының өзгеруін ескеріңіз.