2016 жылдың 28 сәуірінде «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының магистрлері, аға оқытушылар Байгожина Г.М. мен Шукушева Е.В. көптілділік бойынша жоспарланған шараларға байланысты «ҚР сыртқы саясаты» пәнінен орыс және ағылшын тілдерінде «Халықаралық қатынастар» және «Әлемдік экономика» мамандықтарының 2-3 курс студенттеріне бірлескен сабақ өткізді.
Сәуірдің 27 – 29 аралығында Қарағанды экономикалық университетінде «Тауартану және сертификаттау» кафедрасының оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен «Техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласындағы оқыту және олардың біліктілігін арттыру» атты семинар өтті.
28.04.16 күні университетіміздің 50 жылдық мерейтойына арналған, бизнес және құқық факультетінің ұйымдастырылуымен өткізілген шаралардың қорытындысы ұлттар жәрмеңкесі және мерекелік концертпен түйінделді.
Факультет кафедралары әр түрлі: армян, неміс, өзбек және тағы да басқа ұлт өкілдерінің ұлттық киімдері мен тағамдарын таныстырып, салт-дәстүрлерінен үзінді көрсетті. Сонымен қатар, университет студенттері қаламыздың танымал қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан қайталанбас туындыларды тамашалауға мүмкіндік алды.
Жәрмеңкеге келген студенттер әр түрлі ұлт тағамынан ауыз тиіп, ойын ойнап және де көңілдеріне жақын бұйымдарға қол жеткізіп тамаша көңіл-күймен қуаттанып, мерекелік концертке аттанды.
Концерт 1 мамыр – Қазақстан халықтарының ынтымақтастық күніне орайластырылып өткізіліп, Қарағанды қаласындағы өзге ұлт диаспоралары, шығармашылық бірлестіктер келіп өз өнерлерін паш етті.
Бүгінгі іс-шаралар арқылы студенттер Қазақстандағы ұлттардың достығы мен ынтымақтастықтарына тағы бір мәрте көз жеткізіп, Мәңгілік елдің негізі – ұлттардың бейбітшілігі екендігін ұғына түсті.
30.04.2016 Есеп-қаржы факультеті «Ақпараттық-есептеуіш жүйелері кафедрасы» кәсіби бағыт жұмысы бойынша Қарағанды қаласы және аймағының орта-кәсіби білім беретін оқу орындарының арасында «IT-технологиялар саласындағы үздік инновациялық жоба» атты байқауын өткізді.
Байқау қорытындысы бойынша жүлдегерлер келесі орындарға ие болды:
2016 жылдың 26 сәуірінде Бұхар Жырау ауданы бойынша кәсіби бағдарлық жұмысқа жауапты экономика және менеджмент кафедрасының оқытушылары Блялов Б.Е және Зұлхарнай А.Н. 9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне арнап Үштөбе ауылындағы орта мектептің 11 сыныптарына арнап іс-шара өткізді. Аталмыш іс-шараға үш сыныптан 35 оқушы қатысты.
«Есеп қаржы факульетінің» деканаты , «Маркетинг және логистика» кафедрасы Лог-22 тобының студенттері: Арндт Елена, Игнатова Лидия, Шалухина Ксенияны, Алматы қаласы Алматы менеджмент Университетінде өткен «Болашақтың логистикасы» атты I Халықаралық студенттер олимпиадасында жүлделі 3 орын иелінуімен құттықтайды.
Волейболдан құрама команданың студент қыздары Қарағанды қаласындағы «Студенттік Лиганың» екі дүркін чемпионы атанып, өз университетінің 50 жылдық мерейтойына, шынында да лайықты сыйлық тарту етті.
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің, ҚарМТУ-нің, «Болашақ» университетінің және Орталық Қазақстан Академиясының құрама командаларын айқын жеңген Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің студент қыздары, Қарағанды облысындағы үздік команда болып саналатына және Қазақстан Республикасының үш үздік студенттер командаларының қатарына кіретінін көрсетті.
Дене тәрбиесі кафедрасының аға оқытушысы Матушкин Геннадий Юрьевич құрама команданы, университеттің мерейтойына лайықты тарту жасау үшін жеңіске жетелей білді.
2016 жылдың 26 сәуірінде бизнес және құқық факультетінің ұйымдастыруымен Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің 50 жылдық мерейтойын тойлау шараларының шегінде «Екі жұлдыз» вокалдық сайысы өтті. Шараға үш факультеттен 5 жұп өздерінің екі вокалдық өнерін ұсынды. Сайыс нәтижесінде «Маркетинг и логистика» кафедрасының оқытушысы Мухаметжанова З.Б. және ИС 21к тобының студенті Кабдрашев Казбек жүлделі бірінші орын дипломын иеленді. Көрермендер көңілінен шыққан жұп - ЭҚҚР кафедрасының оқытушысы Сарбасов Б.А. және гр.Ю-31к тобының студенті Исабаева Алима. «Дәлме дәл» номинациясы «Шет тілдері және орыс тілі» кафедрасының оқытушысы С.Т.Абдрахманова және МО-23к тобының студенті Токе Кадыршаға бұйырды. «Ең үйлесімді жұп» номинациясы бойынша «Экономикалық теория және жергілікті мемлекеттік басқару» кафедрасының оқытушысы Аркенова Ж.Р. және МЭ-22с тобының студенті Нугманова Ұлжан үздіктер атанды. «Ең креативті жұп» номинациясының үздіктері - ЭҚҚР кафедрасының оқытушысы Амантай Абдулла және Ю-11к тобының студенті Тусупова Назерке. Барлық қатысушылар бағалы сыйлықтармен, мақтау қағаздарымен және дипломдармен марапатталды.
26.04.2016 ж. адамгершілік-патриоттық тәрбие жұмысы шеңберінде «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының магистрлері, аға оқытушылар Мусаева Э.А. мен Назаров Е.Ж. МО-11к, МО-23к, МО-31к, МЭ-31к (46 студент) топтары мен академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша Ресей (2 студент) мен Тәжікстаннан (4 студент) келген студенттерге арнап Карлаг мұражайына саяхат ұйымдастырды.
Шетел және орыс тілдер кафедрасының ұйымдастырылуымен 27.04.2016 күні сағат 1 курс студенттері арасында жыл сайынғы тілдік олимпиада өткізілді.
2016 жылдың 27 сәуірде шетел және орыс тілдері кафедрасының оқытушылары Лапина И.В. және Нуркеева Б.А. ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін үздік білімдерін іс-шара өтті. Бұл іс-шарада Ю-11к, Ф-11к, MЭ-11 студенттері қатысты.