Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!Туризм және мейрамхана ісі кафедрасы «Туризм» мамандығы Тур-12 тобының студенттері Богданов Павел және Курганская Елизаветаны «2020 бизнестін жол картасы» кәсіпкерлердің Бірыңғай бағдарламасын қолдауда «Жас кәсіпкер мектебі» проектісінің шегінде өткен «Бизнес идеялар жәрмеңкесі» конкурсында 1 орын алуымен құттықтайды. Конкурста 20 жоба жарысқа қатысты, және Павел мен Елизаветаның «СахарОК» кондитер өніміның бизнес – жоспары үздік деп табылды. Конкурс Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасында 2017 жылдың 25 қарашасында өткізілді.

Туризмнің тұрақты дамуы үшін интерактивті технология

Туризмнің тұрақты дамуы үшін интерактивті технология2017 жылдың 21 қарашасында «Туризм және мейрамхана ісі» кафедрасының аға оқытушысы Флек А.А. «Интерактивті техгологияларды еңгізу — туризмді дамытудың тұрақты факторы ретінде» атты республикалық ғылыми-практикалық семинарында «Туризмдегі электронды сатуды дамытудың негізгі тенденциялары» атты баяндамамен қатысты. (нәтижесі - сертификат). Семинар «Туран-Астана» университетінде өткізілді. (қ. Астана).
Семинарға қатысқандар: ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінің туризм индустриясы Комитетінің төрағасы Мурзамадиева М С., «Туран-Астана» университетінің ректоры Джапарова Г.А., аймақтың әкімшіліктің өкілдері, туристік агенттіктердің және еліміздің алдыңғы қатарлы туроператорларың өкілдері, туризм саласына мамандарды даярлайтың ЖООның оқытушылыары, студенттер мен магистранттар.

«Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының Ашық есіктер күні

«Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының Ашық есіктер күні«Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасы №101 мектеп-лицейінің, Теміртау қаласының №31 орта білім беру мектебінің, Қарағанды банк колледжі мен Экономика, бизнес және құқық колледжінің түлектеріне ашық есіктер күні өткізді. Студенттер мен оқушылар квест-ойынына қатыса отырып, студенттердің мәдениет сарайында, мұражайда, кітапханада, «Вдохновение» театрында, химия лабараториясында және «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасында болды, осы жерлердің жұмысынмен және университеттің материалды-техникалық базасымен танысты. Түлектердің аралаған әрбір орында волонтер күтіп алды. Олар білім алушыларға университет жайлы, студенттік өмір жайлы ақпараттар беріп, әртүрлі тапсырмаларды орындауды сұрады. Түлектер Есеп қаржы факультетінің деканы, э.ғ.к., доцент Г.С. Серикова, «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының меңгерушісі Қ.С. Мадиева және «Студенттер кеңесінің» мүшелерімен кездесіп университет туралы толық мағлұмат алды.

ҚЭУ магистратурасының білім беру бағларламарына презентация

ҚЭУ магистратурасының білім беру бағларламарына презентацияЖоғарғы оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру департаменті магистрлік дайындықты насихаттау мақсатында, кәсіби коуч шақыра отырып, бітіруші курс студенттері үшін ҚЭУ іске асыратын магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша имидждік презентация өткізді. Студенттер үшін «Самоактуализация. Профессиональное становление. Life long learning» атты интерактивті кадрларды іріктеу және бағалау бойынша сарапшы-кеңесші, Isaac Pintosevich Systems бизнес-тренері, оқыту бойынша дағдылар сарапшысы Тасбулатова Балсулу Кувандыковна жүргізді. Өзінің интерактиві аясында Балсулу Кувандыковна, жеке тұлғаның кәсіби қалыптасуы процесінің құндылық-мағыналық аспектісін аша отырып, нақты мысалдарда, білім беру – заманауи адамның жетістіктері құрылатын мүмкіндіктер, өзіңе деген ресурс пен инвестиция екендігін жеткізді; «Туризм» мамандығының түлегіне өзінің коуч-сессиясын ұсынды.

«Түлек-2018» Мансап Күні

«Түлек-2018» Мансап Күні2017 жылы 24 қарашада, сағат 10.00 Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде оқуды бітірдін шығвтын курстардың студенттері үшін «Түлек-2018» Мансап күні» өтті. Оған мемлекеттік мекемелерінің, банк аясының, сақтандыру компаниялардың, туристік компаниялардың және т.б. басшылары және жетекші мамандары қатысты (95 әлеуетті жұмыс берушілері). Жыл сайын ҚЭУ түлектерінің 80% ең қажетсінген мамандықтар бойынша жұмыспен қамтылады.
«Мансап күні» шеңберінде «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалымен «Әділет кеңсе береді» атты бірлескен шара өтті. Оның барысында құқықтық сұрақтар бойынша кәсіби кеңес алу мүмкіндігі берілді. Акцияға Қарағанды облысының Әділет департаментінің, Нотариалдық кеңсенің, Заңгерлер бірлес тігінің, АЖАТ өкілдері қатысты.

Қаражал қ. № 1, 3, 7 мектептерінің бітіруші сынып оқушыларымен кездесу

Қаражал қ. № 1, 3, 7 мектептерінің бітіруші сынып оқушыларымен кездесуҚЭУ ақпараттық-есептеуіш жүйелері кафедрасы оқыту және ғылыми қызметтерінен басқа белсенді профбағытталған жұмысын жүзеге асырады. Оқытушылар біздің университеті туралы айтуға, білім беру бағдарламасымен түлектерін таныстыру мақсатында қала және аймақ мектептері мен колледждерін аралайды.
Осы мақсатта ҚЭУ АЕЖ кафедрасының магистрі, оқытушысы Цицина А.А. қараша айында Қаражал қ. Мектептерінің қатысушылары арасында профбағытталған жұмысын откізді.
Оқушылар біздің ЖОО-ма қызығушылық танытты, ҚЭУ-не оқуға түсу және білім алу шарттарына қатысты барлық сұрақтарға жауап алды.

«Қаржыгерлер күніне» арналған мерекелік концерт

 «Қаржыгерлер күніне»  арналған мерекелік концерт2017 жылы 22 қарашада кәсіптік бағдар шеңберінде «Қаржы, салық салу және сақтандыру» кафедрасы ҚЭУ Жастар бастамалары орталығының қолдауымен «Қаржыгерлер күніне» арналған мерекелік концерт өткізді.
Мерекелік концерт шеңберінде «Қаржыгер – қазіргі және болашақтың мамандығы» тақырыбында ең үздік бейне құттықтау конкурсы өткізілді. Конкурс қорытындысы бойынша 1 орынды – № 92 гимназия, 2 орынды –№ 39 ЖБМ, 3 орынды –№ 68 ЖБМ алып, қалған қатысушылар отандық валюта тарихын білгендері үшін өткізілген әр түрлі конкурстарға белсене қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.

ҚҚЭУ КОМАНДАСЫ ФУТЗАЛДАН ҰСЛ-ның (КӨКТЕМ-КҮЗ-2017) КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

ҚҚЭУ  КОМАНДАСЫ   ФУТЗАЛДАН ҰСЛ-ның  (КӨКТЕМ-КҮЗ-2017)  КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

2017 жылдың қараша айының 10 мен 19 аралығында "Алматы Арена" Мұз Сарайында футзалдан Ұлттық Студенттік Лигасының (ҰСЛ) финалдық кезеңі өтті. Чемпионат күмісін біздің университеттің құрама командасы жеңіп алды:
Кнауб Арнольд – МО-21с
Черномордов Владислав – Лог-12с
Болбаков Али – Лог-22с
Каримов Амир – Тур-31с
Әлин Мейіржан – МО-41
Әлин Асылжан – УА-42
Мадияров Агедиль – Ю-41к
Барашев Чингиз – Ю-42
Байзахов Алшын – МЭ-12
Акимжан Аскар – Ю-22к
Таласбаев Абунияз – Э-23с/к
Кырыкбаев Серикболсын – Ю-32
Ракишев Марат – Ю-23с
Хабибуллин Тимур – Ф-11НП

Өкінішке орай, ақтық сында 4-6 есебімен "Каспий" (Алматы) командасына біздің балалар жол берді.
Осылайша, ҚЭУ футзалдық командасы ҰСЛ-ның күміс жүлдегері атанып, екінші рет тарихта қалды.
Біздің командамызды тамаша табыспен құттықтай отыра, оларға келесі жылы футзалдан ҰСЛ-ның чемпионы атануына тілектеспіз!

««Start Up» Қазақстандағы шағын бизнестің мүмкіндігі»

««Start Up» Қазақстандағы шағын бизнестің мүмкіндігі»Өткен жұмада Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығының базасында Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ««Start Up» Қазақстандағы шағын бизнестің мүмкіндігі» атты дөңгелек үстел өтті.
Кездесу барысында қатысушылар шетелдік және отандық оң тәжірибемен және стартаптарды құру және насихаттау саласындағы перспективалық оқиғаларымен танысты және ENTAPP бағдарламасының иегері бизнесті жүргізудегі табысты тәжірибесімен бөлісті.
Дөңгелек үстелге Қарағанды университеттерінің студенттері мен оқытушылары қатысты.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды және қонақтарды алғыс хаттармен шақырды.

«Ақша. Несие. Банктер» пәні бойынша Республикалық олимпиада

«Ақша. Несие. Банктер» пәні бойынша Республикалық олимпиадаС.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіның 60 жылдығын және Қаржыгер күнін мерекелеу аясында 2 және 3 курс студенттері Кульмагамбетова А. (Ф-22), Калиаскарова 3. (Ф22), Блялова (Ф21к), Сейдrазимов A. (Ф-33), Ким К. (МН-31) «Ақша. Несие. Банктер» пәні бойынша Республикалық олимпиадаға қатысты. Олимпиадаға еліміздің жоғары оқу орындарынан 5 топ қатысты. 5 турдың қорытындысы бойынша, қарқынды күрес нәтижесінде ҚҚЭУ тобы 2 жүлделі орынға ие болды.
Команданы «Банктік менеджменті және қаржылық нарық» кафедра оқытушылары, экономика ғылымдарының докторы, доцент Рахметова А.М., экономика ғылымдарының кандидаты., доцент Гусманова Ж.А., магистр Идирисова А.Т. басқарды.

«Менің тамаша әңгімелесуім» шеберлік сабағы

«Менің тамаша әңгімелесуім» шеберлік сабағы«Мансап күні» жыл сайынғы күзгі жәрмеңкеде әлеуетті жұмыс берушілермен кездесу алдында түлектерге көмек ретінде шеберлік сабақтар өткізіледі. Онда түлектер пайдалы ақпарат алады: резюмені (түйінді) қалай дұрыс құрастыру, жұмыс берушімен қалай сөйлесу, өзінің жақсы сипаттарын қалай көрсету және көптеген басқа тренингтер туралы.
2017 жылдың 20 қарашада стратегиялық даму Департаменті және «Қаржы, салықсалу және сақтандыру» кафедрасының оқытушысы Маркатаева Г.М. шығарушы курстардың студенттері «Менің тамаша әңгімелесуім» тақырыбында шеберлік сабағы өткізілді.
Бұл шараға біздің ЖОО барлық факультеттерінің болашақ түлектері қатысты.
Шеберлік сабағында жұмыс берушіге өзін қалай көрсету керек тренингі және 2 қызықты HR-тестілеу өткізілді:
- Люшердің психологиялық тесті;
- сабырлылыққа 12 қисынды есептер.
Жұмыс беруші қызметкерлер құрамын жұмысқа алу барысында осындай тестілерді ұсынуы мүмкін.
HR-тестілеуден түлектердің барлығы өтті, бұл Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің студенттері қисынды ойлап, дұрыс шешімдерді таба алатын білгір екендігінің айғағы

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL